∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Абылай хан (Сабалақ) / ابلاي حان (سابالاق)

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Абылай хан (Сабалақ) / ابلاي حان (سابالاق)
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жақыпбаев Бозтай (1887-1970) – ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы, фольклортанушы. Ол 1934-1957 жылдары Қазақ ұлт мәдениеті институтында және оның негізінде құрылған Тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 1934-жылдардан бастап көптеген ғылыми экспедициялар құрамында Қазақстанның әр өңірінен халық әдебиеті мұраларын жинады. Батырлар жырының, тарихи жырлардың, айтыстардың және ән мәтіндерінің түпнұсқаларын ғылыми түрде жазып алып, Институттың қолжазба қорына тапсырды. Сонымен қатар ол текстология мәселелерімен айналысып, Абай Құнанбайұлының шығармашылығы туралы маңызды ғылыми пікірлер айтты.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1949 жылы жазылып алынған. 1961 жылғы Павлодар экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
321
8. Бет, жол саны, өлшемі
31; 20; 20,5х17; 17,5х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
араб
11. Жанры
тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жырда Абылай ханның шығу тегі, ел билігіне келу жолы және қазақ халқын біріктірудегі ерлігі баяндалады. Қазақ елінің Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі тарихы, үш жүздің бірлігі және Абылайдың «Сабалақ» атанып Төле бидің қолында мал бағып жүріп, кейін ерлігімен танылып үш жүзге хан болғаны суреттеледі. Жыршы Абылайдың батырлығы, даналығы мен елді бірлікке бастаған тұлғасын дәріптейді.
13. Басы:
Қазақ деген түріктің руы еді, Қарауында Алтынорда тұрып еді.
14. Соңы:
Ешбіріне бағынбай жайлы тұрған, Қалмақты Сарыарқадан тазалаған.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның 13-бетіндегі 13-жолға сия тамған, 11-29-беттерде сызылған жерлер бар.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш