∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жарапазан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жарапазан
3. Авторы (Айтушы)
Байсымақова Тілеш – 1911 жылы бұрынғы Целиноград облысы Қорғалжын ауданы Коммуна ауылында дүниеге келген. Мәтінді орындағанда жасы 78-де болған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Дамиева Гүлмира.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1989 жыл, Қарағанды экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.943/2 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.8; 28.5х19; 7х13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбаның ақауы жоқ. Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жарапазан.
12. Қысқаша мазмұны
Екі шумақты қысқа ғана мәтінде бата-тілекпен қоса, үй иесіне мақтау-мадақ айтылады. Өлең өзара жұптасқан егіз ұйқасқа құрылған. Аралас буынды өлең үлгісінде келеді.
13. Басы:
Диуана келер есіктен, Пәлекет шығар тесіктен.
14. Соңы:
Осы үйден бір нәрсе берсе, Үйіме барар едім мақтап қана.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.