∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жарамазан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жарамазан
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы: Қаңлыбаева Құндыз. Тапсырушы: Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/137
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П.3; Ж.71; 29х18; 22х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қатты тысты кеңсе дәптеріне қара сиялы қаламмен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбаның ақауы жоқ. Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жарапазан.
12. Қысқаша мазмұны
Өлең өзге мәтіндерге қарағанда көлемді әрі көркемдік қуаты жоғары. Мәтінге жаңа мазмұнды тармақтар қосылған. Он бір буынды өлең үлгісімен айтылады.
13. Басы:
Жарамазан айтамын, жар алдияр, Алпыс екі пайғамбар, төрт шадияр.
14. Соңы:
Теңгеңді шашпай-төкпей қолыма бер, Қасымда жолдасым бар ала қашар-ай.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.