∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жарамазан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жарамазан
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы: Айткүл Мамбетова. Тапсырушы: Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1981 жыл, Мырзашөл.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/56 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.36; 32х20; 28х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қатты тысты кеңсе дәптеріне қара сиялы қаламмен кирил әрпінде жазылған. Қолжазбаның ақауы жоқ. Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жарапазан.
12. Қысқаша мазмұны
Мәтіннің негізгі идеясы басқа нұсқалардағыдай имани құндылықтарды дәріптеу, бата беру, мадақтау болғанымен, өлең тармақтарында біршама мағыналық өзгешеліктер кездеседі. Дегенмен қалыптасқан жаттанды жолдар басым. Өлең аралас ұйқасқа құрылған. Он бір-он екі буынды өлең үлгісінде келеді.
13. Басы:
Айтамын жарамазан ойлай-ойлай, Қорашбай кеткен екен малға тоймай.
14. Соңы:
Тәңір берген несібең, Тепкілесе кетпесін.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.