∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жарамазан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жарамазан
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1981 жыл, Мырзашөл
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/56 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П.3; Ж.51; 32х20; 28х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қатты тысты кеңсе дәптеріне қара сиялы қаламмен кирил әрпінде жазылған. Қолжазбаның ақауы жоқ. Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жарапазан.
12. Қысқаша мазмұны
Бұрын жарияланбаған бұл мәтінде ислам дінін дәріптеп, үй иесіне алғыс, бата-тілек айтылады. Өлеңнің көп бөлігі бұрын айтылып жүрген жаттанды жолдардан құралған. Он бір буынды қара өлең үлгісіне құрылған.
13. Басы:
Ей, байлар, жатырмысың пыр-пыр етіп, Ит жеді шанашыңды тыр-тыр етіп.
14. Соңы:
Осы үйде бір адам бар Құдай сүйген, Ол адамның сауабы жұртқа тиген.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.