∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жарамазан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жарамазан
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1981 жылы Шымкент облысы Мырзашөл ауылында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/56 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; П.4; Ж.53; 30х19.5; 25х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қатты тысты кеңсе дәптеріне қара сиялы қаламмен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбаның ақауы жоқ. Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жарапазан.
12. Қысқаша мазмұны
Бұрын-соңды жарияланбаған бұл мәтіннің кейбір жолдары қалыптасқан жаттанды шумақтардан құралған. Мазмұны жағынан ислам шарттарын уағыздау, үй иесін мадақтау сынды шарттылыққа құрылған. Он бір-он екі буынды қара өлең үлгісінде айтылады.
13. Басы:
Айтамын жарамазан үй иесі, Осы үйдің үйіндей болсын дүниесі.
14. Соңы:
Тілләсін төкпей-шашпай қолына бер, Алдымда қу балдар бар ала қашар.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.