∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Аужар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Аужар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жазып алушы: Шаймұратова Ақсәуле. Жинаушы, тапсырушы: Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1984 жылы Сырдария экспедициясы кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/71 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.16; 28х18; 22х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан. Қолжазбаның ақауы жоқ.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Аужар.
12. Қысқаша мазмұны
Өлең тармақтарындағы кейбір байланыстырушы сөздер бір-бірімен өзара үндеспейді, яғни өлеңнің ұйқасы солғын. Мәтін «жар-жар» өлеңінің мазмұнына сай басталғанымен, соңы жас сәбиді уатуға арналған жолдармен аяқталады. Өлең үш-төрт тармақтан тұрады, аралас буынға құрылған.
13. Басы:
Аужар басын сұрасаң былай болар, Жаман болып жалғанға жарасаңдар.
14. Соңы:
Жыламашы, ай, бөпем, жар-жар, Иіс майдан берейін, етіңе сылап, жар-жар.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.