∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жар-жар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жар-жар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
Орталық ғылыми кітапхана
7. Шифры
Ш.1091 (ОҒК)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; П.4; Ж.94; 30х20; 22х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына кирилл әрпінде машинкамен терілген. Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жар-жар.
12. Қысқаша мазмұны
Мәтінде жас келіннің әулет алдындағы міндеті, көрсетер құрметі, әдеп-ибасы, іс-әрекеті барлығы тізбектеліп келеді де, әулеттің үлкендеріне, ағайын-туысқа сәлем салдырып, соңында келіннің бетін ашып қауымға көрсетуі айтылады.
13. Басы:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар жар-жар, Қырық кісінің ақылы ханда болар жар-жар.
14. Соңы:
Сіңлім-ай деп жылама қыздар байқұс жар-жар, Сіңлің үшін қайынсіңлі орын басар жар-жар.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.