∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жар-жар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жар-жар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1981 жылы, Мырзашөл.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/56 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.17; 32х20; 28х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жар-жар.
12. Қысқаша мазмұны
Өлеңнің құрылымы 4, 6, 8 тармақты, 7 буынды жолдардан тұрады. Өлең негізінен ұзатылғалы жатқан қыздың сіңілісінің атынан айтылады. Өлеңде әпкеге деген қимастық, алдағы өмірін уайымдау сарыны басым. «Жар-жардың» тұрақты сөз қолданыстарымен айтылғанымен, мәтінге авторлық бояулар қосылып, өлең мәтінінің көркемдік сапасының салмақтанғаны анық байқалады.
13. Басы:
Сылдыр-сылдыр жерлерге Сырғам түсті, жар-жар-ау.
14. Соңы:
Есік алды көк сиыр Сүтті болсын, жар-жар-ау.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.