∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жар-жар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жар-жар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1993 жылы, Ташкент қаласы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/83 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П.3; Ж.48; 32х20; 28х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жар-жар.
12. Қысқаша мазмұны
Өлеңнің ұйқасы толымды, идеялық мазмұны терең. Мәтінде жаттанды, құрама жолдар жоқ. Өлең жолдары мағыналық тұрғыдан өзара қиюласқан көркемдік-эстетикалық сапасы жоғары тармақтардан тұрады. 6-7 буынды жыр ағымымен айтылады. Соңғы өлеңнің ұйқасы шалыс ұйқасқа құрылған. Бірінші тармақ үшінші тармақпен, екінші тармақ төртінші тармақпен, яғни тағы мен тағы, жұбы мен жұбы ұйқасқан. Жыр өлшемімен жазылған. Буыны 7-8 буынды, екі бунақты өлең. Ұйқасы толымды болып келеді. Ұйқас дыбыстардың соңғы дауыстыға да, дауыссызға да бітіп отырады.
13. Басы:
Аужар басын сұрасаң, Былай болар жар-жар.
14. Соңы:
Бір міндеттен құтылдым, Десін ағам жар-жар.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.