∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жар-жар.

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жар-жар.
3. Авторы (Айтушы)
Зауырбекова Сапіш Кенжебайқызы. Ол туралы мәлімет кездеспеді.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы: Сыдығалиева С. Ол туралы мәлімет кездеспеді. Тапсырушы: Берік Рахымов (1958 жылы туған) – филология ғылымдарының докторы, фольклортанушы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Айшырақ ауылында дүниеге келген. Қазақ фольклорындағы тарихи эпостарға қатысты көптеген еңбектердің авторы. 1991-2002 жылдар аралығында Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенттерінің фольклорлық практикасына жетекшілік жасап, ел арасынан көптеген фольклорлық шығармалар жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1991 жылы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.931 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.16; 26х18; 17х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жар-жар.
12. Қысқаша мазмұны
Өлең мaзмұнындa ұзaтылғaлы отырғaн қыздың aтынaн қыз ғұмырының әділетсіздігі, қaлыңмaл құрбaны, әйел зaтының aуыр хaлі жaйындa баяндалады. Сондай-ақ, «ол жақта да ата-анаңның орнын басар ата-енең бар» деп қыздың барған жерін жатсындай, тез әлеуметтенуіне жұбату да айтылады. Мәтін 11, 12 буынды өлең үлгісіне құрылған.
13. Басы:
Ақ отауым тіккен жер майдан болсын, жар-жар, Ақ жүзімді көргендер қайран болсын, жар-жар.
14. Соңы:
Шымылдығым желпи сал, Көрсін көкем жар-жар-ау.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.