Бұл мәтінде «жар-жардың» ескі ғұрыптық мазмұны әлсіреп, көркемдік-идеялық сипаты өзгерген. Мәтінде жүрек тебірентердей мұңды саз, аянышты сезім емес, керісінше ойнақы, қуанышты көңіл-күй басым. «Жар-жардың» бұл нұсқасы қазіргі заманауи тойларда екі жасқа арналып орындалады. 6-7 буынды жыр үлгісіне құрылған.