∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жар-жар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жар-жар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы: Қ.Саттаров, С.Жантасова. Тапсырушысы: Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/117 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.13; 32х20; 28х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жар-жар.
12. Қысқаша мазмұны
«Жар-жардың» бұл мәтінінде ұзатылғалы жатқан қыздың ата-анасына деген қимастығы баяндалады. Мәтіндегі мұңды сарын, ырғақтық өлшем өлеңнің синкреттілік сипатын айқындай түскен. Өлең он бір, он үш, кейде төрт буынды жыр ағымымен айтылады.
13. Басы:
Сынбаса да қабырғам сөгіледі, жар-жар, Жатсам, тұрсам ата-анам кетпейді ойдан, жар-жар.
14. Соңы:
Ата-анамды ойласам, Көздің жасы қойныма төгіледі, жар-жар-ау!
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.