∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қыз ұзату

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қыз ұзату
3. Авторы (Айтушы)
Жұматаева Күлпан – бұрынғы Жезқазған облысы, Ағадыр ауданы, Мойынды елдімекенінің тұрғыны. 1924 жылы туған. Зейнеткер.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы: Дүйсенбаева Л., Қанжапова М. – Қарағанды Мемлекеттік Университетінің студенттері (1991 жыл). Тапсырушы: Берік Рахымов (1958 жылы туған) – филология ғылымдарының докторы, фольклортанушы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Айшырақ ауылында дүниеге келген. Қазақ фольклорындағы тарихи эпостарға қатысты көптеген еңбектердің авторы. 1991-2002 жылдар аралығында Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенттерінің фольклорлық практикасына жетекшілік жасап, ел арасынан көптеген фольклорлық шығармалар жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1991 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы студенттерінің фольклорлық практика кезінде жинаған материалдары.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 955 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.44; 28х20; 17х20,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Қыз ұзату.
12. Қысқаша мазмұны
Айтушы қазақ халқының қыз ұзату дәстүрін кеңінен әңгімелейді. Құда болу дәстүрі мен құдалықтың түрлерін санмалап көрсетеді.Ел арасына тараған сыңсу мәтінінен мысал да келтіреді.
13. Басы:
Атамыз қазақ қыз баланы он үш жасында отау иесі дейді.
14. Соңы:
Қыз жат жұрттықа барған кезінде жар-жар айтылып, оның бетін ашқан, қыздың бетін әдетте әйелдер немесе кәрі әжелер «менің жасымды берсін, жолымды берсін» деп ақ тілектерін айтқан.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.