∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тойдағы беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тойдағы беташар
3. Авторы (Айтушы)
Бейсенбаев Жарас Тұмтайұлы – бұрынғы Жезқазған облысы, Ағадыр ауданынының тұрғыны. 1974 жылы туған. Тапсырушы:
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы: Дүйсенбаева Л., Қанжапова М. – Қарағанды Мемлекеттік Университетінің студенттері (1991 жыл). Тапсырушы: Берік Рахымов (1958 жылы туған) – филология ғылымдарының докторы, фольклортанушы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Айшырақ ауылында дүниеге келген. Қазақ фольклорындағы тарихи эпостарға қатысты көптеген еңбектердің авторы. 1991-2002 жылдар аралығында Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенттерінің фольклорлық практикасына жетекшілік жасап, ел арасынан көптеген фольклорлық шығармалар жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1991 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы студенттерінің фольклорлық практика кезінде жинаған материалдары.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 955 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.32; 28х20; 17х20,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Ел арасына таралып, тойларда жиі айтылатын беташардың бірі. Мәтіннен кейінгі жылдары айтылып жүрген беташар екені білінеді.
13. Басы:
Өлеңнен алқа тағайын, Домбырам ішегін қағайын.
14. Соңы:
Төлеуқұл деген қайынағаң Екі көзі жайнаған.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.