Байбатыров Мұқаш (1889-1980 ) – ақын, әнші, халық мұрасын жинаушы. Бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Алматы Опера және балет театрының әншісі болған. 1943, 1961, 1969 жылдары өткен республикалық айтыстарға қатысқан. Өлеңдері «Ақындар жыры» (1963), «Пернедегі термелер» т.б. жинақтарда жарияланған. Мұқаш ауыз әдебиетінің нұсқаларын, тұрмыс-салт жырларын, толғау, термелерді көп білген және жинаған.