∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қазақ халқының келін түскендегі беташары.

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қазақ халқының келін түскендегі беташары.
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Байбатыров Мұқаш (1889–1980 ) – ақын, әнші, халық мұрасын жинаушы. Бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Алматы Опера және балет театрының әншісі болған. 1943, 1961, 1969 жылдары өткен республикалық айтыстарға қатысқан. Өлеңдері «Ақындар жыры» (1963), «Пернедегі термелер» т.б. жинақтарда жарияланған. Мұқаш ауыз әдебиетінің нұсқаларын, тұрмыс-салт жырларын, толғау, термелерді көп білген және жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1954-1959 жылдары Алматы облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 356/4 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3. П. 3; Ж. 52; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкаға терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Қазақ халқының дәстүрлі беташарларының бірі. Мәтінде ұлттық салт-дәстүрге қатысты өсиеттер мен ырым-тыйымдар айтылады. Қайынатадан бастап сәлем салғызады. Қайынағаға сәлем салғаннан бастап мәтін үзіледі. Беташар аяқталмаған.
13. Басы:
Айт келін, айт келін Атың басын тарт келін.
14. Соңы:
Атын атап беріңіз Сонау қайнағаңа бір сәлем.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.