∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар.

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар.
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушы: Хамзин М. Ол туралы мәлімет кездеспеді. Тапсырушысы: Қозыбақов Б. Ол туралы мәлімет кездеспеді.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1905-1911 жылдары жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.325 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2 П.2 Ж.66; 22х17; 17х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне қара сиямен араб әрпімен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Жас келіннің бетін ашқалы тұрған ақын жігіт думанды тойға жиналған көпшілікке салмақты сөзден насихат айтып, сол арқылы жеңе түскен келінге де тәрбие беріп, шаңырққа енгеннен кейінгі келіннің жүріс-тұрысы, әдеп-ибасы, ізет, құрметі барлығы жан-жақты астарлап, ашық та айтылады.
13. Басы:
Той десе, жұрт келеді жиылып-ай, Қызыл тон, ала шапан киініп-ай.
14. Соңы:
Жарыңа Тәңір қосқан жалынбасаң, Мырзаға қайда да қыз табылып жүр.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.