∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар.

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар.
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушы: Хамзин М. Ол туралы мәлімет кездеспеді. Тапсырушы: Қозыбақов Б. . Ол туралы мәлімет кездеспеді.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1905-1911 жылдары жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.325 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3 П.3 Ж.130; 22х17; 17х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне қара сиямен араб әрпімен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Беташарда ақын жігіт қазақы дәстүрдің ел берекесін ұстап тұрудағы ерекше рөлін айта отырып, енді сол елдің арасына енгелі тұрған жас келіннің де қалыптасқан дәстүрді берік ұстанып, үлкенді құрметтеп, кішіні аялап, сый-құрметін түсірмей, әулет абыройын асқақтата түсуді өлеңмен өрбітеді. Жиналған әлеуметтің алдында келіннің бетін ашып, көпшілікке көрсетеді.
13. Басы:
Қасыңа келдім, жаным-ау, Бетіңді сенің ашарға.
14. Соңы:
Құрып бір отыр жүйкесі, Бикешіне бір сәлем.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.