∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Беташар.
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Беташар.
3. Авторы (Айтушы)
Сыздыққызы Бибіжан – 1907 жылы Қарағанды облысы, 9 ауылнайға қарасты Айналы-Нияз аулында дүниеге келген. Мәтінді айтқанда 83 жаста. Қарағанды облысы, бұрынғы Ульянов ауданы, Төрткөл ауылының тұрғыны.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мардашева Э. – Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенті.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды облысы, Төрткөл ауылында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.953 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; П. 4; Ж. 18; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін төркөз оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Қысқа ғана бұл беташар жырында келінге қатысты тыйымдар аталған. Жыр 16 тармақтан, бір шумақтан ғана тұрады.
13. Басы:
Айт келін-ау, айт, келін, Атыңның басын тарт, келін.