∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар.

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар.
3. Авторы (Айтушы)
Оспанова Гүлдар – Өзбекстан Республикасы, Сейхунабад ауданы, Социализм совхозының тұрғыны (ежелгі Мырзашөл қазағы).
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1996 жылы Ташкент қаласында жаылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/105 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П. 2; Ж. 33; 21,5х28; 13х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Көптеген беташар жырларда келінге бірінші сәлемді үлкенге салдырса, бұл жырда бірінші қайын сіңлісінен бастап, кейін қайын інісіне, сосын абысынына, қайын ағасына, атасына, енесіне кезекті кейін береді. Ең соңында жалпы жұртқа сәлем салдырады.
13. Басы:
Анау тұрған бикеші, Жібектен ескен шүйкесі.
14. Соңы:
Өзіңіз-ақ келдіңіз бе, Жалпы жұртқа бір сәлем!
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.