∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар.

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар.
3. Авторы (Айтушы)
Омаров Тәттібек – 1920 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Еңбек аулында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Қарағаш орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарған. Руы – Шор. Мәтінді орындаған кезде 70 жаста болған (1990 жыл).
4. Жинаушы, тапсырушы:
Төлегенова Мәрияш – Қарағанды Мемлекеттік университетінің 1-курс студенті (1990 жыл).
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында жазылған. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультеті студенттерінің фольклорлық практика кезінде жинаған материалдары.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.940, 2-дәп. (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П. 1; Ж. 21; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін альбом қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Бұл беташар жырдың мазмұны толық емес. Тек жырдың кіріспесі секілді. Тек келінге бірнеше тыйымдар айтылып, соңына дейін жыр аяқталмай қалған.
13. Басы:
Айт, келін-ау, айт келін, Аттың басын тарт, келін!
14. Соңы:
Сыбырласар, сылқ етер, Сырласы да болады.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.