Бұл беташар жыры өте көлемді. Жыршы басында сөзін «Бисмилладан» бастайды. Келіннің бетін ашуға кіріскенін, міндетін абыроймен атқармаққа бел буғанын білдіреді. Шариғат пен қазақ салтындағы келінге қатысты тыйымдарды айтып, ескертеді. Жырдың бір ерекшелігі – сәлемді ең бірінші әрауақтарға салдырып, кейін сол жұрттың қарияларын атап салдырып, кейін отбасы мүшелеріне тоқталады. Келінге қатысты өсиет-ақылын тағы да пысықтай айтып, ең соңында жиналған қауымнан бата сұрайды.