∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар.

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар.
3. Авторы (Айтушы)
Қостұрлиева Бестай – бұрынғы Гурьев облысы, Шевченко ауданы, Телман колхозының тұрғыны (1944 жыл).
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жазып алған: Қошанов. Ол туралы мәлімет кездеспеді. Жинаушысы, тапсырушысы: Тілеужанов Мәтжан (1927-1995) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Батыс Қазақстан аумағынан фольклорлық мұраларды ұзақ жыл бойы жинап, Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырған. Сондай-ақ республикада тұңғыш рет «Этнопедагогика және фольклор» кабинетін ұйымдастырып, ел ішіндегі қолөнер туындыларын жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.910/1 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П. 3; Ж. 78; 21,5х28; 12х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін машинкамен теріліп, түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Бұл беташар жырдың мазмұны көлемді емес. Өзге жырлардан ерекшелігі – келінге сәлем салдырғанда бірінші қайын атасын емес енесін атайды. Сондай-ақ қайын аға секілді отбасындағы жасы үлкен жандарды емес, қайын інісінен бастайды.
13. Басы:
Келін, келін келіңіз, Құтты болсын жеріңіз.
14. Соңы:
Ерінбесең, жеңеше, Сәлем етші өзіме!
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.