∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Қостұрлиева Бестай – бұрынғы Гурьев облысы, Шевченко ауданы, Телман колхозының тұрғыны (1944 жыл).
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қолжазбада Қошанов деп көрсетілген. Ол туралы мәлімет кездеспеді. Тілеужанов Мәтжан (1927-1995) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Батыс Қазақстан аумағынан фольклорлық мұраларды ұзақ жыл бойы жинап, Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырған. Сондай-ақ республикада тұңғыш рет «Этнопедагогика және фольклор» кабинетін ұйымдастырып, ел ішіндегі қолөнер туындыларын жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.910/1 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П. 4; Ж. 120; 21,5х28; 12х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкамен теріліп, түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Беташарды орындаушы жыршы өзіне жүктелген міндетті орындауға – келіннің бетін ашатындығын айтып, сөзін бастап, жаңа түскен келінге тек өсиет-ақылын ғана айтып қоймай, ақ тілегін де жаударады. Қайын атасынан бастап, қайын сіңлісіне дейін жеке-жеке атап, сәлем салғызады. Әулеттің әрбір мүшесін атағанда оларды ерекше дүниелерге теңеуімен де бұл жыр басқа беташар жырларынан ерекшеленеді.
13. Басы:
Сөйле дедің, аламан, Керіліп бойып баламан.
14. Соңы:
Ерінбесең, келіншек, Енді өзіме сәлем ет!
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.