∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тайатқаншұнақ

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тайатқаншұнақ
3. Авторы (Айтушы)
Дүйсенбек Исабеков
4. Жинаушы, тапсырушы:
А.Құйқалақова, Берік Рахимов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
936
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; Ж. 23. 27х19,7; 25х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Үлкен жол қағазға жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Бір байдың баласы болмай, төрт әйел алған екен. Төртінші әйелі екіқабат болып, құлан етіне жерік болады. Сары Мерген жанына он бір жасар ұлын алып, құланды іздеп шығады. Бірнеше күн жүріп, аңшы мерген қос шоқыны мекендеген құланға кез болады. Баласына құланды екінші шоқыдан бері қарай қашыруын айтып, өзі мылтығын кезеп тұрады. Қашып келе жатқан құланның қақ маңдайынан оқты тигізіп, еліне баласынан хабар жеткізеді. Ауылға әкелген соң құланның құлағы шұнақ, өзі тайдай ғана кіші екенін көріпті. Содан бері сол мекен «Тайатқаншұнақ» аталған екен.
13. Басы:
Ертеде ХVІІІ ғасырдың ішінде…
14. Соңы:
Содан бай өзінің айтқан уағдасы бойынша айғыр үйір жылқысы мен жүйрік атын беріп, қызметіне риза болады.
15. Қосымша мәлімет
Қағаздары ескірген.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова