∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тарбағатай

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тарбағатай
3. Авторы (Айтушы)
Оңас Баймолдин
4. Жинаушы, тапсырушы:
Г.Шеңгелбаева, Б.Рахимов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1997 жылы Шығыс Қазақстан облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1200
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1; Ж. 6. 20х30; 12х9
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде Тарбағатай тауын қалмақтар мекен еткен. Қаптаған суыр түні бойы ащы дауыстарымен шаңқылдап, маза бермепті. Қалмақтар суырды «тарбыға», ал тауды «тай» деп атайды екен. Сонан осы биікті «Суырлытау», яғни «Тарбағатай» деп атап кетеді. Таудың осы атауы күні бүгінге дейін сол қалпында сақталған.
13. Басы:
Ертеде осы таудың қазақ жерін жаулап алған қалмақтар мекен еткен.
14. Соңы:
Таудың осы атауы күні бүгінге дейін сол қалпында сақталған.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбалар біріктіріліп тігіліп, папкаға салынған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова