∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Отаутас

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Отаутас
3. Авторы (Айтушы)
Домбай Кәрібаев
4. Жинаушы, тапсырушы:
А.Игенова, Берік Рахимов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1995 жылы Ақтау ауылында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1200
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; Ж. 10. 29,5х21; 6х17,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Байдың жалғыз қызына бір шал құда түседі екен. Тойдың қамын жасап жатқан кезде қыз бір кедей жігітпен қашыпты. Ашуланған бай қыз бен жігітті қуғыншыларына өлтірпек болады. Жетіп қалған қуғыншыларды көргенде қыз Құдайға жалбарынып көмек сұрайды. Сол кезде алдында тұрған үлкен тас қақ айрылғанда екеуі кіріп кетеді. Тастың қайта жабылғанын көрген қуғыншылар кейін қайтады. Тастың мүсіні отауға ұқсағандықтан осылай атапты.
13. Басы:
Баяғыда бір байдың жалғыз қызы болыпты.
14. Соңы:
Бұл таудың «Отаутас» деп аталуы осылай, таудың пішіні алыстан қарағанда ақ отауға ұқсайды.
15. Қосымша мәлімет
Қарындашпен жазылған жерлері бар.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова