∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Нұртай тауы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Нұртай тауы
3. Авторы (Айтушы)
Әузар ақсақал
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мұқаметқали Әбдуов, Берік Рахимов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
2000 жылы Қарағанды облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1200
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1; Ж. 9. 33х19; 16х6;5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ақтоғай ауданының Жидебай ауылында (Қоңырат кеңшары) өте биік, көлемі үлкен «Нұртай» тауы бар. Таудың үсті жазық, атпен аң қуғанда қорқынышсыз жерде жүргендей болсаыз. Осы таудың өткен XIX ғасырдың бас кезінде кіші жүз елінен Нұртай деген жігіт қылмысты болып қоныстанған. Қыстау салып малды-жанды болыпты. Таудың күншығыс жағын мекендеген жігітіне ел ақсақалдары кемшілік көрсетпей, қамқорлық жасап «мына тау сенің атыңмен аталсын» деп, «Нұртай» тауы деп атапты.
13. Басы:
Ақтоғай ауданының Жидебай ауылында өте биік, көлемі де айтарлықтай үлкен «Нұртай» тауы бар.
14. Соңы:
Таудың күншығыс жағын мекендеген жігітіне ел ақсақалдары кемшілік көрсетпей, қамқорлық жасап мына тау сенің атыңмен аталсын деп, «Нұртай» қойыпты.
15. Қосымша мәлімет
Кеңсе парақтары бір-біріне жіппен біріктіріліп байланған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова