∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Найзакескен

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Найзакескен
3. Авторы (Айтушы)
Жұмаділ ақсақал
4. Жинаушы, тапсырушы:
Н.Мұхаммедиярова, Берік Рахимов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды облысы, Шет ауданында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1200
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1; Ж. 10. 21х17; 17х8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сарғыш кеңсе қағазына машинкада терілген.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Жаугершілік замандардың бірінде бір рулы елді тұтқиылдан жау шауып, мінерге ат қалдырмай жылқыларын айдап кетіпті. Соңынан қууға ат таппаған Ес (Есей), Дос (Досберген) батырлар шапқыншыларды жаяу қуыпты. Қолдарындағы найзалары жаяу адамға алып жүруге ыңғайсыздық келтіргендіктен, кесіп, қысқартып алысыпты. Сол себепті әлгі жер «Найзакескен» аталған дейді көнекөз қариялар. Жау ұзап кетіп, соңдарынан қуғыншы көрінбегендіктен, асықпай жылқы сойып, тамақтанып жатады. Дос батырдың жауырыншылық қасиеті бар екен, соның арқасында қамсыз жатқан жаудың үстінен түседі. Қос батыр жауды күйрете жеңіп, Қайықпаның қанторысы деген жүйрік атты қолға түсіріп, жылқыларды елге қайтарады.
13. Басы:
Ертеде бір тайпа елдің жылқысын жау алып, мінуге ат болмай Ес батыр (шын аты – Есей) мен Дос батыр (шын аты – Досберген) екеуі жылқыны жаяу қуыпты.
14. Соңы:
Жауды ойсырата жеңіп, жылқыны аман-есен алған деседі.
15. Қосымша мәлімет
Аңыз екі бетке 2 интервал аралықпен бір қатардан орналасқан. Қағаздар ескіріп, сарғая бастаған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова