∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мырзакелді

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мырзакелді
3. Авторы (Айтушы)
Жаркен Қалқаманұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Гүлназ Мұқаева, Берік Рахимов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
2000 жылы Қарағанды облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1200
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1; Ж. 13. 20х30; 14х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Екі бетке машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ерте заманда бір таудың баурайын бір ел қоныстаныпты. Ауылдың болысы жақсы әрі қонақжай адам екен. Оның үйір-үйір жылқысы, қойы, түйесі болыпты. Бір күні сол болыстың үйіне Ақпатшаның өзі қонаққа келеді. Болыс той жасап, балуан күрес, бәйге, әртүрлі жарыстар ұйымдастырады. Аста-төк ет, саба-саба қымыз, халық ығы-жығы, той қырық күнге созылыпты. Патшаны аң аулатып, құс салып, ауылдың табиғатын аралатыпты. Қазақтың қонақжайлығына, мейірбандығына тәнті болған патша еліне кетіп бара жатып, артына қарағанда, ауылдың іргесіндегі тауға көзі түседі. «Мына таудың аты не?» деп сұрайды. Содан кейін сол таудың аты «Мырзакелді» атаныпты.
13. Басы:
Ақпатша заманында ел таудың баурайында бір ауыл қоныстаныпты
14. Соңы:
Содан кейін «Мырзакелді» деп аталып кетіпті
15. Қосымша мәлімет
Парақтары сарғайған
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова