∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Майқұлаған

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Майқұлаған
3. Авторы (Айтушы)
Шаймерден
4. Жинаушы, тапсырушы:
Берік Рахимов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
2006 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1200
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1; Ж. 13. 18х13; 14,5х8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкада басылған
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде Қытай елінің бір тыңшысы елінен қашып келіп, бір тауды паналайды. Ол осы тауды паналап, біраз өмір сүреді. Оны ешкім білмейді екен. Бір күні осы тауға жақын орналасқан жайлауға келіп, түнде бір қарын майды ұрлап қашып бара жатқанда, аяғы тастан тайып кетіп, майы құлап, жарылып тастарға жағылып қалады. Содан кейін қашқын ұсталып, оның жағдайы бүкіл елге мәлім болады. Таудың аты «Майқұлаған» аталып кетеді.
13. Басы:
Менің туған жерімде «Май құлаған» деген тау болған
14. Соңы:
Осы таудың атын «Майқұлаған» тауы деп атапты деп көзінің тірісінде болған аңызды айтып берген еді
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба ақ қағазбен тысталып, жасыл папкаға салынған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова