∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қыздарбек биігі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қыздарбек биігі
3. Авторы (Айтушы)
Далбай Ізтілеуов
4. Жинаушы, тапсырушы:
С.Сәменова, С.Каримов, Д.Сәтибеков, Берік Рахимов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1987 жылы Қарағанды облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1200
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1; Ж. 15. 33х19; 18х9,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ақтүбек елді мекенінің батыс жағында ауылға жақын тұрған тауды «Қыздарбек биігі» дейді. Елдің айтуынша Қыздарбек әнші және күйші болыпты. Өмірінің соңғы кезінде осы төбенің басында күй тартқан екен. Өмірден озғанда Жайма мен Бәйештің балалары ас береді. Жиналған жұрт «Қыздарбек қызығымыз еді. Ол кеткен соң сауық қандай болады? Мына тау басында әндері айтылып, керемет күйлері тартылып еді» деп еске алады. Қыздарбек сол тауға жерленіп, тау «Қыздарбек биігі» аталып кеткен.
13. Басы:
Қыздарбек жайында ел ішінде аңыз көп
14. Соңы:
Қыздарбек жерленген тау «Қыздарбек биігі» аталып кетіпті
15. Қосымша мәлімет
Кеңсе парақтары бір-біріне жіппен біріктіріліп байланған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова