Бір жолаушы келе жатып бір таудың етегіндегі құдық басына келіп демалады. Демалып болған соң жан-жағына қараса, қасындағы тауға ұқсас тағы бір тауды көреді. Екі таудың ұқсастығын қыз баланың қос анарына теңейді. Жолаушы біраз тыныққаннан кейін жолай бір ауылға соғады. Ауылға кіре берісте бір қарт кісі жолаушыдан «қайдан келесің?» деп жөн сұрайды. Сонда жолаушы қайдан келгенін, тауды неге теңегенін айтып береді. Содан сол тау «Қыз емшек» аталып кетеді.