∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Білгенге тақпақ, білмегенге аппақ сұлу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Білгенге тақпақ, білмегенге аппақ сұлу
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сәрсенбек Түсіпұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Жинаушы Сәрсенбек Түсіпұлы бұл ертегіні Стамбул баспасынан шыққан «Қырық сұлу» атты кітаптан 1914 жылы жаттап, кейін қазақ тілінде ертегі етіп қағаз бетіне түсірген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
693
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 24; Ж. 38. 17х21; 15х19
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
10. Қолжазба графикасы
араб әрпінде
11. Жанры
хикаялық ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Өткен заманда Мысыр шаһарында өзі таз, кедей, өзі жалғыз Көлерме атты бір жігіт болады. Жасы отыздан асып, өмірден қажып бір күні түс көреді, түсінде әкесі аян береді. Әкесінің берген аяны бойынша жол жүріп, жолдан қой басындай алтынға кез келеді. Алтынды жүз мың ділдаға айырбастап Құддыс шаһарына барады. Қаншама қиын-қыстау жолдардан өтіп, Құддыс шаһарының патшасының білгенге тақпақ, білмегенге аппақ атты жалғыз қызына ғашық болып жүріп ақыры соған үйленеді. Күңдердің күнінде Сейт Баттал атты бір ұл көріп, ол өсе келе осы Құддыс шаһарына патша болады. Сөйтіп өзі таз, өзі кедей, өзі жалғыз Көлерме деген жігіт еңбек, айламенен барлық мақсатына жетеді.
13. Басы:
14. Соңы:
15. Қосымша мәлімет
Ертегі қара сөзбен жазылып әр жолға бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова