Армұз шаһарының патшасы Жаһаншаның жетім қалған баласы Қалетше патшадан қорлық көріп, өзінің аңыл-айла тапңырлығымен және Сыдық пен Ғасырлардың (Жаһаншаның бұрынғы уәзірлері) көмегімен Қалетшеден кегін алады. Кейін Жаһангермен Қалетше татуласады. Қызылбастың палуаны Еренді жеңеді, оның батыр інісі Мірді де Армұз қаласынан қуып тастайды. Ол Жаһангерден қашып құтылады. Ақырында Жаһангердің мерейі үстем болып, Қалетшенің қызы Күлайшаны алып, той жасап, мұратына жетеді.