∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жетім Құбыл

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жетім Құбыл
3. Авторы (Айтушы)
Белгібай Бектұрғанов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Белгібай Бектұрғанов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1940 жылдары Қызылорда облысында жазылып алынды.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
310
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 32; Ж. 41. 15х20; 8,5х17,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бір жолды дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Қалетше патша Құбылды зынданға салады. Зынданда сегіз жыл жатады. Хазірет қызыр аян беріп, балаға ғылым үйретеді. Қалетше патша да түс көріп, шошып оянып, уәзірлерін шақырып, түсін жорытады. Баланы дарға асады. Дар ағашы құлап, Құбыл ғайып болды. Біраз оқиғаларды басынан өткізіп, Күлайшаға қосылып, аман-есен барша мұратына жетеді.
13. Басы:
Бұрынғы заманда Датша деген қалада Жаһанша деген хан болыпты
14. Соңы:
Мұрнын кесіп тыңқитып
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір бағанадан орналастырылған. Қолжазбаның кейбір беттеріне қосымша өлең шумақтар жазылып отырған. Бірнеше беттері сия төгіліп былғанған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова