Есім серінің Зылиқа деген қызға ғашықтығы, екеуінің махаббаты жырланады. Есім әке-шешесінен жастай жетім қалып, Әлімбайдың малайы болып жүрген Есмағамбет деген нағашысының қолында өседі. Ержете келе мықты, жүректі азамат болады. Ерлігімен ел-жұртына танылған соң, Есім сері атанады. Есім серімен Әлімбай да есептесе сөйлесетін болған. Зылиқа қыз Шора бидің қартайғанда көрген қызы. Есім серінің адамгершілігін, батырлығын бірден танып ұнатады. Екі ғашық бір түнде қашып шығады. Есім мен Зылиқа қандай қиындық азап көрсе де бір-бірімен қосылып, мұрат-мақсаттарына жетеді.