∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ер Тоқымбет туралы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ер Тоқымбет туралы
3. Авторы (Айтушы)
Файзолла Сатыбалдыұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жақып Ыбыраев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1950 жылдары Торғайда жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
106
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 40; Ж. 40. 22х31; 11х27
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ қағазға көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
ғашықтық жыр
12. Қысқаша мазмұны
Тоқымбет жасында әкесі өліп, шешесі мен екеуі байлардың малшысы болып күнелтеді. Жігерлі өскен Тоқымбет нағашысы Әлімді іздеп тауып, шешесін сонда қалдырады. Өзі батыр, мерген, әнші жігіт жүйрік ат сатып алып, ел аралап кетеді. Тоқымбет Қаратау бойында бір үлкен тойға кездеседі. Осы тойдағы жүлдені Тоқымбет жеңіп алады. Ол бір байдың Гүләйім атты қызына ғашың болып, нағашысы Әлімге келіп паналайды. Осыған байланысты ел арасында үлкен дау басталады. Тоқымбет қуғыншылардың қолына үш түсіп, өзінің батырлығы мен тапқырлығы арқасында құтылып, Гүләйіммен екеуі Бағаналы Ерден батырға келіп, басынан өткен бар оқиғаны баян етеді. Аға сұлтан Ерден батыр бұларды қарсы алып, жұртты жинап, үлкен той-думан жасап, бастарына отау тігіп, ел қатарына қосады. Сөйтіп екі жас мақсатына жетеді.
13. Басы:
Сөз жазуға он саусағым жалықпа
14. Соңы:
Ел аузында батыр болған халыққа
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның сырты қалың қағазбен тысталып, ақ жіппен тігілген.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова