∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ермек батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ермек батыр
3. Авторы (Айтушы)
белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Есентай Есжанов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1957 жылы Павлодар облысында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
341
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 25; Ж. 28. 25х35,5; 14х31
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
араб әрпінде
11. Жанры
батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Ермек ержетіп, Тобықты еліне келіп, той жасатып, наймандардан кек алуға рұқсат алады. Қол жинап, наймандармен соғысып, жеңеді. Наймандарға хат жазып, талап еткен шарттарын мүлтіксіз орындатып, 100 жігітіне қалыңсыз жүз қыз алып бергізеді. Ермек қаптаған қолмен Ақшоқыны наймандардан бұрын келіп алады.
13. Басы:
Өтіпті бізден бұрын Еңлік — Кебек
14. Соңы:
Жетіпті мұратына Ермек батыр
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның бірнеше беттерінің жолдары шимайланып сызылған. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналастырылған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова