∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ермек батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ермек батыр
3. Авторы (Айтушы)
белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қимадиден Нұғманов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1936 жылы Көкшетауда жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
341
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 23; Ж. 26; 26х34; 15х30
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Ермек нағашы атасының қолында тәрбиеленіп он төрт жасқа шыққанда, найманды тобықты елі шабады. Ермек шапқыншыны қуып, тобықты жерінің шетіне кіргенде, бір шал жолын тосып тоқтатып, Кебектен туғанын айтады. Ермек нағашысынан келіп сұрайды. Нағашы атасы жасыра алмай дұрысын айтады. Ермек тобықты еліне Қабанбай ауылын іздеп келеді. Тобықты елі қуанып той жасайды. Ермек кек алуға қол жинайды. Бұл жайды естіген сыбандар қарап жатпай 400 кісімен Қособа деген жерде тосады. Ермек Бәсен батыр бастаған 40 жігітпен келіп, жаумен соғысып жеңеді. Кебекті өлтірген Шайхыны Ермек, Бәсендер өлтіріп, кек алады. Ермек мұратына жетеді.
13. Басы:
Өтіпті бізден бұрын Еңлік — Кебек
14. Соңы:
Жігіттер, іс бола ма бұдан артық
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналастырылған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова