∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Еңлік - Кебек

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Еңлік — Кебек
3. Авторы (Айтушы)
Нұрғали Бейсенов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жұматай Мәдиев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1949 жылы жазылып алынған. 1963 жылы қорға түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
301
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 6; Ж. 35. 18,5х28; 12х23
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ескірген, жолсыз қағазға көк сиямен жазылған
10. Қолжазба графикасы
латын, кирилл
11. Жанры
ғашықтық жыр
12. Қысқаша мазмұны
Кебек Нысан абызға бал ашқызады. Осы арада абыздың айтқаны, Кебектің аңға кеткен жері үзіліп қалған. Оқиғасының жалғасы Кебектің қыздың үйіне келіп, қонақ болып отырғанынан басталады. Еңлік еліне тілек айтып тұрғанда оқиға бітеді.
13. Басы:
Бір күні бес намаздың ұлы бесін
14. Соңы:
Әйтеуір өлтіруге тұр ғой дайын
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның төменгі жағы жыртылғандықтан көп сөздері оқылмайды. Қағаздары сарғайған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова