Кебек атына мініп, аң аулауға шығады. Жалбы өзені бойындағы бір матай шалының үйіне кеп түседі. Қызының аты Еңлік екен. Екеуі сөз байласып, жартас түбінде кездесіп жүреді. Бұлардың бұл ісін ауыл- аймағы біліп қойған соң, жүкті қыз Кебекпен бірге қашып кетеді. Тауға барып паналайды. Күні жетіп, Еңлік бір ұл табады. Кеңгірбай Кебекті ұстауға жар салады. Кебек Күреңмен Еңлікті мінгестіріп қашады. Жүз кісі қуады. Бір тастан секіргенде, Еңлік түсіп қалады да, қолға түседі. Кебекті ат құйрығына тартып, сүйретіп өлтіреді.