∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ахмет пен Жаңылдың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ахмет пен Жаңылдың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Нұржанұлы Біләл
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1936 ж., Қызылжар маңы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты
7. Шифры
244
8. Бет, жол саны, өлшемі
6; 12; 20; 20X30; 9X27
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба ақ қағазбен қапталған, қайта түптеліп, жөндеуден өткізілген
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпі
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Қызылжардың Қасым деген татар саудагері саудамен Жалайыр елін аралап жүріп, Жаңылдың ақындық-шешендік өнеріне қызығады. Жаңылдан көңілі қалған әккі саудагер қайтсе де бір сүрінідіріп кету үшін, Жаңыл аулындағы жігіттерді ұсақ-түйек сыйлықпен өзіне тартып, Жаңылдың айып-кемшіліктерін тереді. Қасым білгендерін Қызылжардағы ақын жігіт Ахметке жеткізеді, келесі жылы Жалайыр елінің бір үлкен тойында Жаңыл мен Ахметті айтыстырады. Жаңыл Арқа елінің егіншілікпен шұғылданбайтынын, астық үшін қыздарын сатып, құда түсетіндіктерін, Ахметтің өз басының саудагерге жалданып жүргендігін айтады. Ахмет Жаңылды жеңе алмасына көзі жетіп, айтыс ақырында қапыда өткізген кемшіліктерін бетіне басады. Жаңыл мұны естісімен, өз аулының адамдарына қарап: «Мен арғынан сөзден не өлеңнен жеңілгенім жоқ, ноғайдың пұл-шайына сатылып, өсек айтып елге таңба салған өздерің жеңілдіңдер, менің ештеңем кеткен жоқ», — деп домбырасын лақтырып жібереді. Айтыс ақыры ұрыс-жанжалға айналады. Қасым саудагер мен Ахмет Жаңылды жеңдік деп Қызылжарға қайтады. Айтыс он бір буынды қара өлең үлгісіне құрылған Айтысқа сөзбен түсінік берілген.
13. Басы:
Бұрынғы өткен заманда қызылжарлық
14. Соңы:
Тарылма, ағасы мен жеңгелері, Ежелден қонақ күткен тәуір елсің.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары және қара сөздер әр бетке бір қатардан орналасқан
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова