1933 жылдың желтоқсанынан бастап Қарағандының Киров атындағы үшінші шахтасына забойщик болып жұмысқа түскен Қапаш Алтынбаевтың қасына серік етіп берілген Жолдыбай атты жігіт туралы сөз етіледі. Ол кезде №3-26 шахта деп аталатын шахтаға Донбасстан забойщиктікті үйреніп келгендер оларға тәжірибемен бөліссін, бірлесе жұмыс атқарсын деп ауылдан келген бір-бір жасты қосып береді. Міне, осындай жастардың бірі Қапашқа қосып берген Жолдыбай атты жігіттің жалқаулығының арқасында «Бүйен» аталуы туралы, кейін елдің мазақ сөз-өлеңдерінің арқасында әлгі Жолдыбай таңдаулы жұмыскерлердің бірі болып, түзеліп шыққанын баяндалады.