Әңгімеде бір үйде топ адам әлденеге таласып, дауласып отырғанда килігіп сөйлеген баланың тапқыр жауабы айтылады. Дауласып отырғандардың сөзіне араласып, қарияларды жаңылдыра берген балаға үлкендердің бірі адам жасында ақылды болса, өсе келе ақымақ болады дегендей ақыл қылады. Сонда бала: «Өзіңіз жас кезіңізде ақылды болып, өсе келе өзгерген тәріздісіз» ,− деп ұтқыр жауап бергендігі әңгімеленеді.