∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Өмірде ұмытылмайтын күндер

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Өмірде ұмытылмайтын күндер
3. Авторы (Айтушы)
Қалиұлы Нұрман Селтекейтегі
4. Жинаушы, тапсырушы:
Айзахметов Әбу
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Ерейментау қаласы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.1025, 3- дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 6, парағы — 6, жол саны — 25, 30х21; 20,5х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Әңгімеде Селтекейтегі Нұрман Қалиұлының 14 жасынан байдың жалшысы болып жүріп, бастан өткергені айтылады. Колчаг бандылары мен большевиктердің арасындағы қақтығыстар, байлардың қысым көруі, кәмпескеге ұшырауы секілді тарихи оқиғалар баяндалады. Нұрман Олжабай, Барлыбай деген байлардың отын жағып, қойын бағады. Қойға қасқыр тиіп, ақысына тиетін қойдан да айырылады. Байдың немесе ағасы Байұзақ Нұрманды ұры деп жала жабады. Кейіннен 1918 жылдары кулактарға жалданып, тас қопаруды кәсіп етеді. Еңбегінің арқасында ауылдық кеңес төрағасына сайланады. Әңгімеде сонымен қатар байларды кәмпескеге ұшрауы туралы айтылады.
13. Басы:
«Мен не көрмедім,– деп бастайды сөзін Нұрман қарт, «Селтекей балалары өмір бойы Нұралы тұқымында құлдықта шіріді».
14. Соңы:
Сөйтіп, бұл байлар конфискеленіп, мал-мүліктері жалшыларға, кедейлерге бөлініп берілді де, өздері жер аударылды…
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек