Айтушы нағашысының Шаншар елінің аулына түстенген кездегі бір әңгімесін баяндайды. Әңгімеде үш салтты адам қыс кезінде Ақайдың Қасенінің аулынан қайтып келе жатып, төрт үйден ғана тұратын Шаншардың аз ғана аулына кез болып, жылынып, дәм татып аттанбақшы болып, түсе қалады. Сонда сол үйдің жас қызы мен жеңгесінің қонақтарды киген киміне, іс-әрекетіне қарап сөзбен қағытып, ұялтқандары сөз болады.