∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Молдабай палуан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Молдабай палуан
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Дүйсеков Ғ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1977 жылы, 18 мамыр.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.866/2.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 2, парағы — 2, жол саны — 36, 20х16.5; 17,5х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Тарбағатай жерінде, қаракерей елінде қарасты аға сұлтан Санязұлы Қамбар төре болған. Оның қолында Молдабай деген түйе палуаны болған. Шәушек қаласында үлкен мереке болып қазақ, ұйғыр, қытай, татары аралас ат шаптырып, палуандарды күрестіріп жатады. Аттарды бәйгеге жіберген соң, ел екі жаққа жарылып, күрес алаңын ашады. Қытайлар жақтан екі жағынан бес-бес адамнан он адам ноқталап, бойы еңгезердей бір дәуді алып шығады. Сонда Қамбар төре Молдабай палуанды ортаға алып шығады. Қытайлық палуанның бойы биік, қазақ батырының бойы аласа еді. Екі палуан біраз алысып, ақыр соңында Молдабай палуан дәуді қылқындырып, жеңеді. Осыдан кейін Молдабайдың даңқы шарықтап, Үрімжі, Манас жақтағы қызай еліне де белгілі болады.
13. Басы:
Тарбағатай округіне қараған қаракерей елінде аға сұлтан Саниязұлы Қамбар төре болған.
14. Соңы:
Барлық қазақ еліне, Үрімжі, Манас жақтағы қызай еліне де аты жайылады.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек