∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Молдабай мен Ақжігіт

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Молдабай мен Ақжігіт
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Дүйсеков Ғ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1977 жылы, 18 мамыр.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.866/2.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 4, парағы — 4, жол саны — 35, 20х16.5; 18,5х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Он адам ноқталап алып шыққан дәуді жеңген Молдабайдың аты біраз жерге дейін жайылып, тарап кетеді. Сол кездерде қызай елінен Ақжігіт деген кісі Молдабаймен таныспаққа ауылына іздеп келеді. Молдабай палуанмен кездесіп, танысқан Ақжігіт Молдабайды да өз ауылына қонаққа шақырады. Сол кезде Ақжігіттің ауылында бір бай қыз ұзату тойын жасап, ат шаптырып, палуан күрестіреді. Сонда Ақжігіт пен Молдабай палуан біріне-бірі қарсы күреске шығып қалып, Ақжігіт жеңіліп, Молдабайға ренжіп қалады. Жолшыбай келе жатқан Молдабайға Мыңбай деген кісінің келіні Ақжібек деген келіншек кез болады. Келіншектің қитығына тиген палуан ойламаған жерден сол жерде жеңіліп, ұятты болып қалады. Осыдан кейін Молдабай палуан досын жеңіп, ел алдында абыройын төккеніне және келіншектен жеңіліп ұятты болған екі ісіне өкінетінін айтып жүреді екен.
13. Басы:
Басында темір ноқтасымен, шынжыр бауынан ұстаған он кісіні сүзгілеп, сүйретіп, күрес алаңына алып келген Қытайдың…
14. Соңы:
оның тақымында кеткенім өкініш те және өлім де емес пе?! – дейді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек